Әсет Елемесов - Ақтау қаласында дүниеге келген. Қазақ-түрік лицейі қазіргі білім-инновация лицейінің түлегі. СДУ –да оқып жүргенде, 1-2 курс студенттеріне программалаудан сабақ берген. Төртінші курстан кейін оны Open Technologies Corporation компаниясына жұмысқа шақырады. СДУ түлектері құрған , Open Technologies –те екі жыл, алты жыл в Bee Software компаниясында еңбек етті. Бұл компанияларда ол қарапайым бағдаламалаушыдан бастап, дамыту бойынша директор қызметіне дейін көтерілген. Алайда ол өзін дамыту үшін,жайлы ортадан шыққысы келеді. Солай әлемдік компаниялардың бірі State Street-ке тап болады.
2016 жылы алматылық ІТ компаниялардың бірі, IDC атты компанияға ауыстым. Осы жылдары мен шетелдік түрлі компанияларға түйіндемемді ұсындым. Head hunter-ден осы жұмыстың ваканциясын таптым. Бірақ онда толық жазылмаған. Тек жұмыстың Польшада екендігі ғана анық. Мен оған дейін Чехия, Прагадағы көптеген ірі компаниялардың интервьюлерге қатысқан едім. Тіпті өзімді байқап көру үшін, Amazon –ның да әңгімелесуіне қатыстым. Себебі менің ағылшын тілінде әңгімелесуден тәжірибем аз болды. Менің Америкада тұратын досым, әртүрлі компанияға түйіндемемді жіберуге кеңес берді. Мен, солай екі job offer алдым. Біріншісі Минсктегі трансконтиненталды EPAM деген компания, екіншісі Гданск(Польшa) қаласынан SRI Infotech компаниясы. SRI Infotech – бұл әртүрлі елде офистары бар ірі компания. Бас офистері Бостон қаласында орналасқан. SRI Infotech түрлі тапсырыс берушілердің ІТ жобаларымен айналысады. Олардың ең ірі тапсырыс берушісі - американдық State Street компаниясы. Мені State Street –ке арналған жобаға таңдап алды.
Бірінші әңгімелесу менеджермен болды. Сосын ол мені техникалық бір адаммен таныстырды. Техникалық менеджер ме әлде басқа ма білмеймін. Ол Бостон қаласында. Мен State strееt менеджерімен интервью бір жарым сағатқа созылды. Ол менің жұмыс істеу тәжірибеме қарай, әртүрлі сұрақтар қойды. Екі апта өткен соң, олар маған хабарласып, мені командаға алмайтындығын айтты. Себебі менде over quality five. Бұл бір жағынан маған мотивация бергенімен, бірақ неге алмағанын түсіне алмадым. Сосын олар басқа командамен интервьюге ұсынды. Командадағы бір адам ресейдегі техникалық қызметкер болды. Онымен біз тек қана техникалық мәселелер жайлы сөйлестік. Одан кейін Польшадағы қызметкермен интервью болды. Бұл осымен үшінші немесе төртінші әңгімелесу. Онда да сол техникалық сұрақтар қамтылды. Сосын ол мені АҚШ-та Бостон қаласында отырған қызметкерлермен интервьюге жіберді. Онымен ұзақ сөйлестік. Ол қандай жобалармен айналысып жатқандағын, менің оларға осы жобада қаншалықты көмегім тиетінін талдадық. Сосын соңғы интервьюде ешнәрсе сұрамады. Тек қалай келетіндігім, айлық мәселесін талдадық. Сонымен алты интервьюден өттім.
[aesop_gallery id="21748" revealfx="off" overlay_revealfx="off"]
Әрине, алдын-ала интервьюге дайындалып, көп оқыған едім. Нәтижесінде, олар мені Польшаның Гданск қаласына шақырды. Бұл өткен жылдың шілде айы болатын. Бірақ бірден жұмысқа алған жоқ. Мен жұмыс істеуге рұқсат беру(work permit) процесінен өтуім керек болды. Алайда бұл ұзаққа созылды. Мен қараша айының соңында компаниямен, командамен танысу үшін Польшаға келіп кеттім. Кейін наурыз айының басында, олар мені қайтадан шақыртып, Польшада жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ал наурыздың соңына қарай отбасыммен, Гданск қаласына көшіп келдім. Бұл қала Польшаның солтүстігінде орналасқан. 2017 жылдың наурызынан бастап, Гданск қаласында тұрамын әрі жұмыс істеймін. State Street –те мен Java бағдарламалаушы болып істеймін.
State Street –тегі әдеттегі жұмыс күні:
Мен таңертең 9:00-9:30 –да келемін. Әдеттегідей кофемді құйып, тестілеу командасының ескертпелерін оқимын. Егер ешқандай ескертпелер жоқ болса,жаңа тапсырмалармен шұғылданамын. Мен workflow ішкі жүйсінде істеймін. Бұл жүйе қиын емес,сондықтан жаңа тапсырмаларды тез бітіремін. Сонда менде әртүрлі техникалық әдебиет оқуға(өзіңді дамыту)бос уақытым болады. ІТ әдебиеттерді өте көп оқимын. Негізінен оның бәрі Java технологиямен байланысты. Менің түсінгенім, шетелде сұраныстағы маман болу үшін, трендте болу керек.
Түскі ас әдетте 12:30-13:00. Ғимаратта 3 кафе бар.
Түскі астан кейін бізде менеджерлермен және жобаның басқа қатысушылармен телефон митингісі басталады. Менің менеджерім State Street –тің Бостандағы офисінде, ең алғашқы қоңырауды сол кісімен өткіземін. Негізінен, ол тапсырманың жұмыс прогрессіне қызығады. Екінші телефон митингісі басқа менеджерлермен және тестілеу командасымен өткізіледі. Барлық митинг аяқталғасын, мен дем алып, интернеттен қызықты бір нәрсе оқуға кірісемін. Мысалы: Біз болашақта жобамызға қолдануға болатын Java ның жаңа нұсқасының релизі.
[aesop_gallery id="21747" revealfx="off" overlay_revealfx="off"]
Қазақстандық компаниядан айырмашылығы
Бізде жұмысқа қашан келіп, қашан кететініңді тексеретін қатты бақылау жоқ. Басты ереже – мерзіміне дейін бәріне үлгеру. Ал мерзімі ақылға сыйымды. Қазақстанда, мысалы мемлеккеттік жобалармен жұмыс жасағанда, тапсырыс беруші жобаның қиындығын қабылдамайды. Олар үшін ең басты критерий – министрге немесе басқа бастыққа жаңа бір нәрсені таныстыру. Сондықтан біз жұмыста жиі қонып қалдық себебі ертеңінде қандайда да бір бастық жаңа бір жүйені көру керек. State Street басқаша жұмыс атқарады. Бізде жаңа функционалды тестілеуден жақсылап өткізу үшін адекваттық мерзім бар. Егер бағдарламалаушы үлгірмейтін болса, ол дұрыс емес мерзім қойғандығы үшін менеджердің қатесі болады. Бізде мамандардың үлкен командасы софтты тестілеумен айналысады. Бұл шетелдік компаниялардың қазақстандықтардан айырмашылығы бар. Шетелдік компанияда(өзім білетіндер бойынша) софттың сапасына аса мән береді.
Польша
Польшада өмір сүру Қазақстанға қарағанда онша қымбат емес. Мысалы: Астананың бағаларымен салыстырсақ, бірдей сияқты көрінеді. Бір айда тамаққа шамамен 1500 злото кетеді.(138949 теңге) Ал транспорт қымбат. Ең арзан бағасы үш злотодан басталады. Теңгемен 300 тг. Бұл тармвай мен автобус бағасы.
Trending Posts
Шетелге баруыма себеп болған балаларыма жақсы білім беру беру. Құдай қаласа жақсы білім беретін ЖОО-нда мұғалім болғым келеді. Мінсіз нұсқа ретінде біздің СДУ. СДУ-да бағдарламалаушыларға сабақ бергім келетін үлкен арманым бар. Сол үшін маған қазір тәжірибе жетіспейді. Шетелге баруымның екінші себебі сол тәжірибені жинақтау. Болашақта Oracle, Amazon, Google сияқты ірі компанияларда жұмыс істеу. Мен қазір соған дайындалып жатырмын. Шетелде қалғым келмейді. Құдай қаласа 5-10 жылдан кейін елге ораламын.
Базарбаева.Л.Е.
14 декабря, 2017Горжусь!!!!